⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

16-бап. Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Ассамблея мүшелерінің өкілеттігі  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы 

       1. Ассамблея мүшелері қызметін осы Заңмен айқындалған өкілеттігі шеңберінде жүзеге асырады.  

       2. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:  

       1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге;  

       2) этносаралық қатынастарға, азаматтардың ана тілі мен мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын іске асыруына, нәсілдік, ұлттық немесе тілдік белгісі бойынша кемсітушілікті болғызбауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;  

       3) этносаралық қатынастар мәселелері бойынша конференциялардың, семинарлардың, "дөңгелек үстелдердің" және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға;  

       4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.  

       3. Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:  

      1) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға және Қазақстан халқының басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге; 

       2) Ассамблея қызметі мәселелері бойынша Ассамблеяны басқару органдарының шешімдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Ассамблея Төрағасының және Төраға орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;  

       3) Ассамблея сессияларының жұмысына, оның отырыстарына шығарылатын мәселелерді талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға;  

       4) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, рулық және діни араздықты, өшпенділікті және дұшпандықты қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерге немесе сөздерге жол бермеуге;  

       5) Ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.  

      4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана ассамблеялары мүшелерінің Ассамблея мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 361-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2018 № 149-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы