16-бап. Авариялық даярлықты қамтамасыз ету Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы
Пайдаланушы ұйымдарда:
ықтимал радиациялық авариялардың, олардың салдарының болжамы және радиациялық жағдайдың болжамы жасалып, уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген тiзбесi;
радиациялық авария болған кезде жедел шешiмдер қабылдау өлшемдерi және уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлiп араласу деңгейi;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органымен, радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлген, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариядан және оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралар жоспары;
радиациялық аварияны хабарлауға және оның зардаптарын жоюды қамтамасыз етуге арналған құралдар;
радиациялық зақымданудың алдын алуға арналған медициналық құралдар және радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету құралдары;
қызметшiлер арасынан құрылатын авариялық-құтқару құрамалары болуға мiндеттi.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29 № 209; 12.01.2016 № 443-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы.
Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы