⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Кедендік инфрақұрылым Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

16-бап. Кедендік инфрақұрылым Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Кедендік инфрақұрылым Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кедендік инфрақұрылымға кедендік бақылаудың техникалық құралдарымен, инженерлік, ақпараттық, телекоммуникациялық жүйелермен және оларды қамтамасыз ету құралдарымен жарақталған (бұдан әрі осы бапта – кедендік инфрақұрылым элементтері) ғимараттар, құрылысжайлар, үй-жайлар, ашық алаңдар және кеден органдарының қызметін қамтамасыз ететін әлеуметтік мақсаттағы объектілер жатады.

      2. Кедендік инфрақұрылым элементтері:

      1) тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында;

      2) кеден органдары мен кеден органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде;

      3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін аумақтарда орналасуы мүмкін.

      3. Комиссия тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының қызметін қамтамасыз етуге байланысты функционалдық мақсат ерекшеліктерін ескере отырып айқындайды.

      4. Кеден органдары мен кеден органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

      5. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында кедендік инфрақұрылымның жай-күйін, даму серпіні мен үрдістерін талдауды Комиссия кеден органдары ұсынатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға (мемлекеттік құпияларға) немесе таратылуы шектелген мәліметтерге жатқызылған мәліметтерді қамтымайтын, белгілі бір уақыт кезеңі үшін қорытылған, тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы мәліметтер негізінде жүргізеді.

      Тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуі туралы көрсетілген мәліметтердің құрамын, олардың құрылымы мен форматын, сондай-ақ берілу кезеңділігі мен тәртібін Комиссия айқындайды.

      Кедендік инфрақұрылымның жай-күйі, даму серпіні мен үрдістері туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырылады.

 

Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы