16-бап. Кемелердi техникалық қадағалау және сыныптау Iшкi су көлiгi туралы Заңы
1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Сыныптауға, техникалық байқауға және куәландыруға ішкі суларда жүзетін кемелер, "өзен-теңізде" жүзетін кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелер жатады.
3. Кеме қатынасының тiркелiмi кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн кемелерді өтеусіз негізде куәландыруды жүзеге асырады.
Бұл ретте кеме иесінің кінәсінен қайтадан куәландыру, кезектен тыс куәландыру кеме иесінің есебінен жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574 Заңы.
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы