16-бап. Мәліметтер мен олардың көздерін құпияландырудың принциптері 4-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтер мен олардың көздерін құпияландыру Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерді және олардың көздерін құпияландыру заңдылық, негізділік және уақтылығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Заңдылық - құпияландырудың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкестігін білдіреді.
Негізділік-қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің тепе-теңдігін негізге ала отырып, нақты мәліметтерді құпияландырудың орындылығын, сол актінің болуы ықтимал экономикалық және өзге де салдарларын сараптамалық бағалау арқылы анықтау болып табылады.
Уақтылығы - осы мәліметтер алынған (әзірленген) кезден бастап немесе алдын ала олардың таратылуына шек қоюды көздейді.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы