16-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң байқаушы кеңесi Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы
1. Өндiрiстiк кооперативте оның атқарушы органының қызметiн бақылауды жүзеге асыратын байқаушы кеңес құрылуы мүмкiн.
Тек кооператив мүшелерi ғана байқаушы кеңестiң мүшелерi бола алады.
2. Байқаушы кеңестiң мүшелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады. Байқаушы кеңестiң саны, жұмыс iстеу мерзiмi және құзыретi кооператив жарғысымен белгiленедi. Байқаушы кеңестiң мүшесi осымен бiр мезгiлде басқарма мүшесi немесе кооператив төрағасы бола алмайды.
3. Кооператив жарғысында байқаушы кеңестiң құзыретiне кооператив басқармасының (кооператив төрағасының) есебiн дүркiн-дүркiн тыңдау, атқарушы аппараттың лауазымды тұлғаларын тағайындауға келiсiм беру, жарғыда белгiленген мөлшерден асатын сомаға жасалған мәмiлелердi күнiлгерi мақұлдау, кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру жатқызылуы мүмкiн.
4. Байқаушы кеңес өзiнiң ерекше құзыретiне жатқызылған мәселелердi кооперативтiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.
5. Байқаушы кеңес мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан iс-әрекет жасауға хақы жоқ.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы