16-бап. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі осы баптың мақсатында – жүйе) өнеркәсіп дамуының жай-күйі туралы ақпаратты көздейтін ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Жүйені жүргізу мақсаттары бизнес жүргізу процесін оңайлату мақсатында өнеркәсіптің жай-күйі туралы ақпаратты қалыптастыру және онымен алмасу тиімділігін арттыру, өнеркәсіп саласындағы қызмет субъектілеріне өзекті ақпарат беру, сондай-ақ өнеркәсіптік саясат бойынша болжамдау және шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
3. Жүйе:
1) өнеркәсіптік саясатты іске асыру туралы;
2) өнеркәсіп салаларының дамуы туралы статистикалық деректер туралы;
3) өндірістік қызметке байланысты бағыттарды дамыту нәтижелері туралы;
4) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың іске асырылатын шаралары туралы;
5) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру туралы ақпаратты;
6) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтиды.
4. Жүйені құру, қолдап отыру және оның жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы