16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiнiң қауіптілік деңгейіне қарай сақтандыру сомасы мөлшерiнiң 0,72 процентiнен 2,02 процентiне дейiнгi шекте тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi.
2. Нақты объект үшін сақтандыру тарифінің шамасы жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын объект қауіптілігінің жалпы деңгейіне қарай белгіленеді.
3. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифі, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындаған объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ескеріле отырып белгіленеді.
Декларациялауға және сақтандыруға жататын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар қауіптілігінің жыл сайынғы жалпы деңгейі туралы ақпаратты уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Объектінің жалпы қауіптілік деңгейі сақталған немесе төмендеген кезде сақтандыру сыйлықақысы осы бапқа сәйкес белгіленген сақтандыру тарифі бойынша төленеді.
Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі сақтандыру тарифіне шаққандағы орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда ұлғайған кезде объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ұлғаюының бір пайызы үшін он пайыз мөлшерінде арттырылып отыратын коэффициент қолданылады.
Арттырылып отыратын коэффициент ескерілген сақтандыру тарифінің шамасы осы баптың 1-тармағында белгіленген сақтандыру тарифінің мөлшерінен аспауға тиіс.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 Заңы.
Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы