⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

16-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Сақтанушының (сақтандырылушының) құқықтары мен міндеттері Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы 

       Ескерту. 16-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Сақтанушы (сақтандырылушы): 

      1) сақтандырушыдан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың талаптарын, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өзiнiң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 

      2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан дерекқорда көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және ол бойынша сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы ақпаратты сұратуға (сақтандыру жағдайы (көлік оқиғасы) бойынша мәліметтерді сұрату бөлігіндегі осы құқық пайда алушыға да қолданылады); 

       3) сақтандырушы жүргізген, келтірілген зиянның және сақтандырушы, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырған сақтандыру төлемінің мөлшерлерiн айқындау нәтижелерімен танысуға;  

      4) көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға (бұл құқық сақтанушыға ғана қолданылады); 

       5) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 29-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 

      6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберуге; 

      7) сақтандыру төлемiн осы Заңда көзделген жағдайларда алуға құқылы. 

       Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтары көзделуi мүмкiн.  

       2. Сақтанушы:  

      1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға өзі, сақтандыру полисіне енгізілетін әрбір сақтандырылушы, көлік құралы (құралдары), қосарланған сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу және сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқық туралы мәліметтерді және өтінішке енгізу үшін қажетті өзге де мәліметтерді және өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерін осы Заңда көзделген тәртіппен ұсынуға; 

       2) сақтандыру сыйлықақыларын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмдерде төлеуге;  

      3) көлік оқиғасының басталғаны туралы өзіне белгілі болғаннан бастап дереу, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыны жазбаша нысанда (қолма-қол не электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы) хабардар етуге міндетті. Сақтанушы мен сақтандырылушы сол бiр тұлға болып табылмайтын жағдайларда, онда сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар беру жөнiндегi мiндет сақтандырылушыға жүктеледi. Егер сақтанушының (сақтандырылушының) дәлелдi себептермен көрсетілген әрекеттердi орындау мүмкiндiгi болмаса, ол мұны құжаттармен растауға тиiс; 

      4) көлiк оқиғасын жасаған кезде жәбiрленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерiне көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушының атауын хабарлауға; 

       5) көлiк оқиғасы болған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшiн қалыптасқан мән-жайларға ақылға қонымды және қолдан келетiн шараларды, оның iшiнде зардап шеккен адамдардың мүлкiн құтқару және оларға көмек көрсету шараларын қолдануға;  

      6) көлiк оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы тиiстi органдар мен ұйымдарға олардың құзыретiне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлiмшелерiне, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық жәрдем қызметiне, авариялық қызметтерге) хабарлауға; 

       6-1) көлік оқиғасы жасалған кезде кідіріссіз, бірақ уәкілетті лауазымды тұлғаның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;  

      7) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       8) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға керi талап қою құқығының сақтандырушыға өтуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.  

       Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де мiндеттерi көзделуi мүмкiн.  

      3. Сақтанушының осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген мiндеттерi көлiк оқиғасы болған кезде көлiк құралын тiкелей жүргізген адамға жүктеледi. 

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 134-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы. 

       Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы