Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-бап. Су объектілерінің түрлері және оларды пайдалану құқығы Водный кодекс Республики Казахстан

16-бап. Су объектілерінің түрлері және оларды пайдалану құқығы Водный кодекс Республики Казахстан

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Су объектілерінің түрлері және оларды пайдалану құқығы Водный кодекс Республики Казахстан 

      1. Су объектілері мынадай түрлерге бөлінеді:

      жерүсті су объектілері;

      жерасты су объектілері.

      2. Жерүсті су объектілеріне мыналар жатады:

      өзендер;

      көлдер;

      теңіздер;

      мұздықтар, көпжылдық қар;

      уақытша су ағындары;

      су қоймалары, тоғандар, суланған карьерлер;

      сулы-батпақты алқаптар;

      өзендерге теңестірілген каналдар.

      Өзендердің, көлдердің, теңіздердің, уақытша су ағындарының, су қоймаларының, тоғандардың және өзендерге теңестірілген каналдардың шекаралары тиісті су объектісінің түбі мен жағалауы болып табылады.

      3. Жерасты су объектілеріне мыналар жатады:

      гидрогеологиялық бассейн;

      жерасты суларының көздері мен учаскелері;

      су тұтқыш белдеулер мен кешендер;

      бұлақтар (жерасты суының жер бетіне табиғи шығуы).

      4. Жерасты су объектілері нысаналы мақсаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) шаруашылық-ауызсу жерасты сулары – өзінің сапасы жағынан табиғи күйінде немесе өңдеуден кейін ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін және ауызсу мен шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтарға не өнім өндіруге арналған жерасты сулары;

      2) жерлерді суаруға арналған жерасты сулары – өзінің сапасы жағынан табиғи күйінде немесе өңдеуден кейін нормативтік талаптарға сай келетін және ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға арналған жерасты сулары;

      3) жайылымдарды суландыруға арналған жерасты сулары – өзінің сапасы жағынан табиғи күйінде немесе өңдеуден кейін нормативтік талаптарға сай келетін және ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға арналған жерасты сулары;

      4) минералды және термоминералды (температурасы Цельсий бойынша жиырма градустан жоғары минералды сулар) жерасты сулары – салыстырмалы түрде тұрақты химиялық құрамы бар және бальнеологиялық тұрғыдан жағымды әсер ететін биологиялық белсенді минералдық немесе органикалық элементтердің құрамы жоғары болатын жерасты сулары;

      5) өнеркәсіптік жерасты сулары – құрамындағы пайдалы қазбаларды (сирек кездесетін элементтер, галогендер және басқалар) алу үшін пайдаланылатын жерасты сулары;

      6) өндірістік-техникалық жерасты сулары – өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары;

      7) жылу энергетикалық сулар – температурасы Цельсий бойынша қырық бес градустан жоғары, жылу энергиясының және (немесе) электр энергиясының көзі ретінде пайдалануға жарамды жерасты сулары.

      5. Су объектілері аумағына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

      ішкі;

      трансшекаралық.

      6. Су объектілері көлемі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

      1) шағын (ұзындығы екі жүз километрге дейінгі өзендер, ауданы он шаршы километрге дейінгі көлдер, пайдалану қорлары тәулігіне бір мың текше метрге дейінгі жерасты суларының көздері);

      2) орташа (ұзындығы екі жүзден сегіз жүз километрге дейінгі өзендер, ауданы оннан жүз шаршы километрге дейінгі көлдер, пайдалану қорлары тәулігіне бір мыңнан он мың текше метрге дейінгі жерасты суларының көздері);

      3) ірі (ұзындығы сегіз жүзден бір мың километрге дейінгі өзендер, ауданы бір жүзден бір мың шаршы километрге дейінгі көлдер, пайдалану қорлары тәулігіне он мыңнан жүз мың текше метрге дейінгі жерасты суларының көздері);

      4) аса ірі (ұзындығы бір мың километрден асатын өзендер, ауданы бір мың шаршы километрден асатын көлдер, пайдалану қорлары тәулігіне жүз мың текше метрден асатын жерасты суларының көздері).

      7. Пайдаланудың ерекше шарттары белгісі бойынша (шаруашылық қызмет режимі) мынадай болып бөлінеді:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілері;

      2) мемлекеттік орман қорының су объектілері;

      3) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері.

      8. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектілері ортақ пайдаланылатын объектілер болып табылады. 

 

Кодекс Республики Казахстан от 9 апреля 2025 года № 178-VIII ЗРК. 

Президент    

Республики Казахстан    

    © 2012. РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан» Министерства юстиции Республики Казахстан 

     Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела 

__________________________ 

Признать утратившим силу Водный кодекс Республики Казахстан от 9 июля 2003 года с принятием Водного кодекса Кодекса Республики Казахстан от 9 апреля 2025 года № 178-VIII ЗРК. 

16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі  

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.  

      2. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.  

      3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.  

 

   Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы