16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылық және құпияны қорғау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі
Жеке өмiр, жеке бас, отбасы құпиясы, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдары мен жинақ ақшасының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және өзге хабарларының құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол берiледi.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы