161-бап. Арнайы мониторингтің түрлері Қазақстан Республикасының Экология кодексі
1. Арнайы мониторинг мынадай түрлерді қамтиды:
1) әскери-сынақ полигондарының мониторингі – жабық және жұмыс істеп тұрған әскери-сынақ полигондарының аумағында әскери техниканы, оның ішінде зымырандық техниканы және қару-жарақты сынауға байланысты қоршаған ортаның ластануын байқау жүйесі;
2) "Байқоңыр" зымыран-ғарыш кешенінің мониторингі – жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, "Байқоңыр" кешенінің зымыран-ғарыш қызметінің әсеріне ұшыраған аумақтардағы қоршаған ортаның жай-күйін байқау жүйесі;
3) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг;
4) осы Кодекстің 410-бабына сәйкес жүргізілетін төтенше экологиялық ахуал аймақтарындағы және экологиялық зілзала аймақтарындағы экологиялық жағдай мониторингі;
5) ғарыш мониторингі – жұмыс істеуін ұйымдастыруды ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйін байқау жүйесі.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген арнайы мониторинг түрлерін ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы