17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы
1. Селекциялық жетiстiкке басымдық берiлген күнге дейiн автордан тәуелсiз жасалған селекциялық жетiстiкке ұқсас өсiмдiк сортын немесе жануар тұқымын Қазақстан Республикасының аумағында адал пайдаланған немесе осыған қажеттi әзiрлiктер жасаған тұлғаның осындай пайдалану көлемiн кеңейтпей оны өтеусіз пайдалану құқығы (бұрынғыша пайдалану құқығы) сақталады.
Бұрынғыша пайдалану құқығы басқа тұлғаға ұқсас өсiмдiк сорты немесе жануар тұқымы пайдаланылған немесе осыған қажеттi әзiрлiктер жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
2. Басымдық берiлген күннен кейiн, бiрақ патент беру туралы мәлiметтер жарияланған күнге дейiн селекциялық жетiстiктi пайдалануды бастаған тұлға патент иесiнiң талабы бойынша одан әрi пайдалануды тоқтатуға мiндеттi. Бiрақ, мұндай тұлға патент иесiне осы пайдаланудың нәтижесiнде келтiрiлген шығындарды өтеуге мiндеттi емес.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды – ҚР 2005.11.22. № 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы