17-1-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң аудитi Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы
1. Кооператив өндiрiстiк кооперативтiң жылдық қаржылық есептiлiгiнiң, сондай-ақ оның ағымдағы iсiнiң жай-жағдайы дұрыстығын тексеру және растау үшiн, кооперативпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге органдарының мүшелерiмен немесе кооператив мүшелерiмен мүлiктiк мүдделер арқылы байланысы жоқ аудиторлық ұйымды өзiнiң жарғысында белгiленген жағдайларда және тәртiппен тартуға құқылы.
2. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өндiрiстiк кооперативтер үшiн жылдық қаржылық есептiлiкке аудиттi мiндеттi түрде жүргiзу заң актiлерiмен белгiленуi мүмкiн.
3. Өндiрiстiк кооперативтiң қаржылық қызметiне аудит байқаушы кеңесiнiң, тексеру комиссиясының (ревизордың), сондай-ақ кооператив мүшелерiнің кемiнде он процентiнiң талабы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Соңғы жағдайда осындай тексеру жүргiзудi талап еткен кооператив мүшелерi аудиторлық ұйымның қызметiне ақы төлейдi.
4. Егер өндiрiстiк кооперативтің атқарушы органы кооперативтiң қаржылық есептілігiне аудит жүргiзуден жалтарса, ал аудит мiндеттi болса не оны жүргiзудi өндiрiстiк кооперативтiң мүшесi талап етсе, аудит мүдделi адамның не өндiрiстiк кооператив мүшесiнің өтiнiшi бойынша қабылданған сот шешiмiмен тағайындалуы мүмкiн.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.12. N 241, өзгерту енгізілді - 2006.05.05. N 139 Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы