17-бап. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы
1. Ішкі істер органдарында қызмет өткеру тәртібі мен шарттары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
2. Соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай қолданылған, терроризмге қарсы операция жүргізілген кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде ішкі істер органдарының қызметкерін оған жүктелген міндеттерді орындауға тартуға: қызметтік уақыт режимін өзгертуге, оған қосымша міндеттер жүктеуге, басқа жерге іссапармен жіберуге, қызмет сипатын өзгертпей басқа бөлімшеге уақытша ауыстыруға, сондай-ақ қызметкердің келісімінсіз өзге де ерекше жағдайлар мен қосымша шектеулер белгілеуге жол беріледі. Мұндай жағдайларда ішкі істер органдары қызметкерінің қызмет мерзімінің бір күні үш күн болып есептеледі және үш есе мөлшерде ақшалай қамтылым төленедi.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы