⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі  6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі  6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі   6-тарау. Кредиттік серіктестіктің қызметі Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы 

       1. Кредиттік серіктестіктердің "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.  

      2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін кредиттік серіктестіктің жоғары органы – кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін, кредиттік серіктестіктің микрокредиттер беру қағидаларының, кредиттік комитет туралы ережесінің және ішкі ережелерінің негізінде жүзеге асырады. 

       3. Микрокредиттер беру қағидаларының мазмұнына қойылатын талаптар "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.  

       4. Кредиттік серіктестіктің ішкі ережелерінде:  

       1) құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;  

       2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;  

       3) кредиттік серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің кредиттік серіктестіктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.  

       5. Кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ережеде:  

       1) кредиттік комитеттің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;  

       2) кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігі;  

       3) кредиттік шарттарды бекіту рәсімі;  

       4) кредиттік серіктестіктің жоғары және атқарушы органдарының, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларының қарыз мөлшеріне қарай оны беру туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.  

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы. 

       Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы