⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң тексеру комиссиясы  Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

17-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң тексеру комиссиясы  Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Өндiрiстiк кооперативтiң тексеру комиссиясы  Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы 

       1. Кооперативте оның атқарушы органының қаржы қызметiн бақылауды жүзеге асыратын тексеру комиссиясы құрылуы мүмкiн. Тек кооператив мүшелерi ғана тексеру комиссиясының мүшелерi бола алады. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооперативтiң байқаушы кеңесiнiң және атқарушы органының мүшелерi бола алмайды.  

       2. Тексеру комиссиясының мүшелерi кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланады. Тексеру комиссиясының саны, жұмыс iстеу мерзiмi мен құзыретi кооператив жарғысында белгiленедi. Кооперативтiң құрылтай құжаттары тексеру комиссиясының орнына кооперативтiң тексерушiсiн сайлауды көздеуi мүмкiн.  

       3. Кооперативтiң тексеру комиссиясы (тексерушiсi) кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысына кооперативтiң жылдық есептерi мен бухгалтерлiк баланстарының растығы туралы қорытынды бередi.  

       4. Ревизиялық комиссия (ревизор) кооперативтiң жалпы жиналысының, байқаушы кеңесiнiң тапсыруымен, өз бастамасы немесе кооператив мүшелерiнiң кемiнде он процентiнiң талап етуi бойынша тексерiстердi жүзеге асыра алады.  

       5. Ревизиялық комиссия (ревизор) кооперативтiң қаржылық құжаттамасымен танысуға хақылы.  

      6. (алып тасталды)  
      7. (алып тасталды)  
      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.12. N 241; 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 қазандағы N 2486 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы