⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 17-бап. Пайдаланушы ұйымдардың радиациялық авария кезiнде радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттерi Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы 

       Ескерту. 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 12.01.2016 № 443-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      Пайдаланушы ұйым радиациялық авария жағдайында: 

       радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқаруды, қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына және сәуле алуы жоғары болуы мүмкiн аумақтар халқына радиациялық авария туралы дереу хабарлауға;  

       уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып, қызметшiлер мен халықты радиациялық авариялар мен оның зардаптарынан қорғау жөнiндегi шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;  

       радиациялық авария кезiнде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жөнiнде шаралар қолдануға;  

       радиоактивтi ластау ошағын оқшаулау және радиоактивтi заттардың қоршаған ортаға таралуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолдануға;  

       радиациялық авария кезiнде радиациялық аварияның өршуiне және радиациялық жағдайдың өзгеруiне талдау жасап, болжам әзiрлеуге;  

      радиациялық авария жойылғаннан кейiн пайдаланушы ұйым аумағында радиациялық жағдайды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдауға; 

       қызметшiлер мен халықтың жеке сәуле алу мөлшерiн бағалау жөнiнде және бұл деректердi денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға беру жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.  

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 12.01.2016 № 443-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуiрдегi N 219 Заңы. 

      Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы