⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Заңы 

       Ескерту. 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2014 № 233-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде билік өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады. 

 

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне оның жеке басы мен өкiлеттiктерін растау үшiн қызмет куәлiгi мен белгiленген үлгiдегi жетон берiледi.  

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік әрекеттеріне тура және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де араласуына құқығы жоқ. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. 

      Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің заңды талаптарын орындамау, олардың қызметтік мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiру, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлерін, әскери қызметшілерін қорлау, оларға қатысты қарсылық көрсету, қатер төндіру немесе күш көрсету, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысы мен абыройына, мүлкіне қол сұғу, олардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына кедергі жасайтын басқа да әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi қызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, абыройына және мүлкiне қол сұғу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.  

       Заңға көрiнеу қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкері, әскери қызметшісі заңды басшылыққа алуға мiндеттi.  

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң қызметкерлері, әскери қызметшілері саяси партияларда, кәсіптік одақтарда тұруға, сондай-ақ қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге тиiс емес. 

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің қызметкерлері, әскери қызметшілері, заңнамаға сәйкес оның лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, өзге ақылы лауазымдарды атқаруға, кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіруге құқылы емес. 

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы