⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негiздерi Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негiздерi Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруден бас тарту негiздерi Азаматтық туралы заңы Қазақстан Республикасының  

       Ескерту. 17-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтiнiш білдірген адам: 

      1) адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне әдейi қарсы шықса; 

      2) Қазақстан Республикасы аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса; 

      3) ұлттық қауiпсiздiкке, халықтың денсаулығына нұқсан келтiретiн құқыққа қарсы әрекетті жүзеге асырса; 

      4) ұлтаралық, конфессияаралық және дiни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк тiлiнiң қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 

      5) террористік немесе экстремистік ұйымдарға қатыстылығы болса немесе террористік немесе экстремистік қылмыстар үшін сотталған болса; 

      6) халықаралық іздестіруде болса, соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе не сот оның іс-әрекеттерін қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы деп таныса; 

      7) басқа мемлекеттiң (мемлекеттердің) азаматы болса; 

      8) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішхатпен жүгінген кезде өзі туралы жалған мәліметтер хабарласа не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде дәлелді себепсіз қажетті құжаттарды ұсынбаса; 

      9) Қазақстан Республикасының аумағында немесе оның шегінен тысқары жерлерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қасақана қылмыс деп танылатын қылмысты жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар болса; 

      9-1) кәмелетке толмаған адамның жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаса; 

      10) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде экономика саласында құқық бұзушылық жасаса; 

      10-1) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш бергенге дейінгі бес жыл ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзса; 

      11) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш білдіргенге дейінгі бес жыл ішінде осы Заңның 21-бабы 1), 2) және 5) тармақшаларының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса; 

      12) осы Заңның 21-бабының бірінші бөлігі 8) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтса; 

      13) осы Заңның 20-1-бабының негізінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылса; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      14) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 16-бабы бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші бөлігі мен 16-1-бабында аталған және ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы нотариат куәландырған жазбаша өтінішпен өздері азаматы болып табылатын мемлекеттің азаматтық мәселелері жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адамына өтініш білдірген адамдарға қолданылмайды. 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      17-бапты үшінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы № 1017-XII Заңы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерін реттейді. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы