17-бап. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
1. Мынадай:
1) азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдарлары туралы, сондай-ақ дүлей зілзалалар, олардың ресми болжамдары мен салдарлары туралы;
2) денсаулық сақтау саласының, санитарияның, демографияның, көші-қонның, білім берудің, мәдениеттің, әлеуметтік қорғаудың, экономиканың, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы, сондай-ақ қылмыстық ахуал туралы;
3) терроризм актілерін жасау фактілері туралы;
4) экологияның, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы;
5) азаматтар мен ұйымдарға мемлекет беретін артықшылықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта резервінің мөлшерлері туралы;
8) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының қалыптастырылуы және жұмсалуы туралы;
9) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашатын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың жұмсалуын бақылау туралы;
10) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының заңдылықты бұзу фактілері туралы;
11) осы Заңның 14-бабында көзделген мәліметтерді қоспағанда, саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргін туралы, оның ішінде архивтегі мәліметтер құпияландырылмауға тиіс.
2. Аталған мәліметтерді құпияландыру туралы не оларды осы мақсатта мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің көздеріне енгізу туралы шешім қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Азаматтар мұндай шешімдерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015 № 404-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы