17-бап. Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы
1. Құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған күні) қоспағанда, жеке тұлғалар туралы ақпаратты ашатын мәліметтерді (дербес деректерді) ұсынуға болмайды.
2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының), сондай-ақ жеке сот орындаушысының немесе аумақтық бөлімнің мөрімен расталған атқарушылық құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушыларының уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.
3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:
1) адвокаттардың;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;
5) нотариустардың, мұрагерлердің;
6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);
6-1) Қазақстан Республикасы азаматының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімдерінің шеңберінде қаржы басқарушыларының;
7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;
8) егер осы баптың 3-1 және 3-2-тармақтарында өзгеше көзделмесе, құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.
3-1. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқық ауыртпалығы туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың сұрау салуы бойынша беріледі.
3-2. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке заңды тұлғалардың тіркелген құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) және тіркелген ауыртпалықтар, жылжымайтын мүлік объектісіне заңдық талаптар туралы ақпарат кез келген тұлғаға сұрау салу негізінде беріледі.
3-3. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпаратты және жеке немесе заңды тұлғаның өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары (құқықтар ауыртпалықтары) туралы жинақталған деректерді құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы не "электрондық үкімет" веб-порталынан алуға құқылы.
4. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы.
Осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы