⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелердің құзыреті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

17-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелердің құзыреті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 17-бап. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелердің құзыреті Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 

      1. Қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы: 

      1) сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталғандарды мекемелерге бөлуді жүзеге асырады; 

      2) сотталғандарды жазаларын өтеу үшін мекемелерге жібереді; 

      3) мекемелерді емдеу-профилактикалық мекемелерге бекітіп береді; 

      4) осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      2. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы: 

      1) бас бостандығынан айыруға сотталғандарды сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге бөлуді жүзеге асырады; 

      2) сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы аумақтық органға бекітіп берген мекемелерге жібереді; 

      3) ауруына байланысты жазасын өтеуден босатылуға ұсынылатын сотталғандардың материалдарын қарайды және сотқа ұсынады; 

      4) ведомстволық бағынысты мекемелердегі санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларға мониторингті жүзеге асырады; 

      Ескерту. 4) тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай: 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап; 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 
 

      5) комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді; 

      6) осы Кодексте, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      3. Мекеме жазаларды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде комиссиялар құрады және олардың жұмыс регламентін бекітеді, сондай-ақ негізгі қызметіне жатпайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асырады. 

      Мекемелердiң негiзгi қызметiне жатпайтын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiне олар сотталғандардың: 

      1) тамақ өнiмдерiн, бірінші кезекте қажеттi заттарды, жазу керек-жарақтарын, әдебиетті, мерзімді басылымдарды қосымша сатып алуға; 

      Ескерту. 1) тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай: 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап; 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 
 

      2) мерзімі ұзақ кездесулерге; 

      3) осы Кодексте және мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалатын қосымша көрсетілетін қызметтерге құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету бойынша ұсынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер жатады. 

      Ескерту. 3) тармақша жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай: 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап; 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 
      4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай: 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап; 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 
 

      5. Мекемелердің комиссиялары: 

      1) алып тасталды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай: 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап; 
      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 
 

      2) сотталғандарға қатысты әкімшілік қадағалауды белгілеу үшін материалдарды сотқа жіберу туралы мәселені қарайды; 

      3) сотталғандарды психологтің профилактикалық есебіне қою және одан шығару туралы мәселені қарайды; 

      4) сотталғандарды жазаны өтеудің әртүрлі жағдайларына ауыстыру туралы мәселені қарайды. 

      6. Аумақтық орган мен мекеменің комиссиялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен. 
 

 

    Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы