17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері Мемлекеттік статистика туралы Заңы
1. Респонденттердің:
1) ресми статистикалық ақпаратты алуға;
2) мемлекеттік статистика органдарынан бастапқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтауды талап етуге;
3) уәкілетті органнан статистикалық нысандарды толтыру тәртібі жөнінде түсініктер алуға;
3-1) бастапқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен:
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электрондық түрде;
қағаз жеткізгіште;
телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға;
4) бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;
5) уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.
2. Респонденттер:
1) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бекітілген статистикалық нысандар бойынша анық бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға;
1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;
2) мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы