⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін ұлғайту  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

17-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін ұлғайту  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін ұлғайту  Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы 

       1. Темір жол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша, бірақ тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қолданылатын кезеңнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдаудан алынған (алынуға тиіс) кіріс сомасының 0,5 процентінен аспайтын мөлшерге дейін ұлғайтуы мүмкін.  

      2. Теміржол тасымалынан басқа, жолаушылар тасымалының өзге де түрлерін жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша ұлғайтуы мүмкін, бірақ ол 2 еседен аспауға тиіс. 

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы. 

       Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы