⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы 

      1. Ұсынылған құжаттардың сараптамасы шарт жасалған кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. 

      Қайта аккредиттеу кезінде ұсынылған құжаттардың сараптамасы аккредиттеу субъектісінің құжаттарына және Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына енгізілген өзгерістер бөлігінде жүргізіледі. 

      2. Сараптама жүргiзу үшiн аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторды тағайындайды, сондай-ақ мәлімделген сәйкестікті бағалау объектілері бойынша техникалық сарапшылар тартылуы мүмкін. 

      3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысында: 

      1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгін бағалау; 

      2) құжаттардың нақты критерийлер бойынша сәйкессiздiгiн (сәйкессiздiк болған кезде) көрсету; 

      3) ұсынылған құжаттарды түзету жөнiндегi ұсынымдар (қажет болған жағдайда) және өтiнiш берушiнiң осы ұсынымдардың орындалуын растау тәртiбi; 

      4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлерiне сәйкестiгi немесе сәйкессiздiгi туралы тұжырымдар қамтылуға тиiс. 

      4. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудитордың қорытындысы негiзiнде аккредиттеу жөнiндегi орган мынадай: 

      1) өтiнiш берушiнi тұрған жерінде зерттеп-қарау туралы; 

      2) өтiнiш берушiнiң анықталған сәйкессiздiктердi жою қажеттігі туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. 

      Аккредиттеу жөніндегі орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабарлама жіберіледі. 

      5. Өтiнiш берушi осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген хабарламаны алған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессiздiктердi жояды және сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, аккредиттеу жөнiндегi органға бұл туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарлайды. Аккредиттеу жөнiндегi орган хабарламаны алған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда құжаттарға қайта сараптама жүргiзедi. 

      Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы. 

      Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы