⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу    3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу  Жарнама туралы Заңы

17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу    3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу  Жарнама туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу    3-тарау. Жарнама саласындағы мемлекеттік реттеу  Жарнама туралы Заңы 

       1. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеу деп Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленетiн жарнама жасауды, таратуды және орналастыруды бақылау түсiнiледi.   

      Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудi жарнама саласындағы уәкілетті орган, жарнама саласындағы реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыреті шегiнде жүзеге асырады.  

       2. Жарнама саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары:   

      1) ұлттық мүдделердi қорғау;  

      2) жөнсiз жарнаманы, сондай-ақ қоғамдық құндылықтар мен жалпыға бiрдей қабылданған мораль және адамгершiлiк нормаларына қол сұғатын жарнаманы болғызбау және оларға жол бермеу;  

      3) жосықсыз бәсекеден қорғау;  

      4) адамдардың өмірі мен денсаулығының және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.  

      3. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.  

      Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.  

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.  

       Жарнама таратушылардың және жарнама берушілердің қызметі жарнама саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау объектісі болып табылады.   

       Жарнама таратушылар және жарнама берушілер бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау субъектілері болып табылады.   

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.  

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.  

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жіберіледі.  

      Ұсыным бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.  

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:  

       1) қолма-қол – ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;   

      2) поштамен – тапсырыс хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;  

      3) электрондық тәсілмен – мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.  

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.  

       Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.   

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.  

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау айына екі реттен жиілетпей жүргізіледі.  

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.   

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы