172-бап. Соттың үкiмiн және қаулысын азаматтық талап қою бөлiгiнде орындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Сот азаматтық талап қоюды толық көлемде немесе ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған кезде соттың үкімін, қаулысын азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзім белгілеуге құқылы, бұл ретте азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген орындауды кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту қағидалары қолданылуы мүмкін. Сот актісін азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы