18-2-бап. Тіркеуші органның құзыреті Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңы
Тіркеуші орган:
1) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптардың және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) уәкілетті органға қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты береді;
3) алып тасталды – ҚР 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
4) құқықтық кадастрға мәліметтерді енгізудің анықтығын қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңы.
Осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мақсаттарды, міндеттер мен құқықтық негіздерді айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы