18-бап. Асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, асыл тұқымдық өнімді (материалды) пайдалану және өткізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Ұрық мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде:
1) ұрпақ сапасы және (немесе) геномдық бағалау бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық жануардан алынған;
2) тиісті морфофункционалдық көрсеткіштері болған;
3) генетикалық детерминделген аурулары болмаған;
4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі.
3. Эмбрион мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкес келген кезде:
1) асыл тұқымды жануарлардан алынған;
2) генетикалық детерминделген аурулары болмаған;
3) асыл тұқымдық куәлігі болған;
4) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін таңбалауы болған кезде пайдаланылады және өткізіледі.
4. Ені (таңбалауы) жоқ асыл тұқымдық өнімді (материалды) өткізуге жол берілмейді. Асыл тұқымды жануар асыл тұқымдық мақсатқа өткізілген кезде асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық куәлігі де болуға тиіс.
5. Тұқымның өсімін молайту үшін осы Заңның 19 және 20-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келетін асыл тұқымды жануарлар ғана пайдаланылады.
6. Асыл тұқымды жануарлар алынған шаруашылықтар туралы деректерді сақтау мақсатында зауытшылар туралы мәліметтер асыл тұқымдық куәліктерде көрсетіледі.
7. Жануарлардың тұқымдық және өнімділік сапаларын жақсарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші:
1) осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін жаңадан алынған ұрықты;
2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген талапқа сәйкес келетін жаңадан алынған эмбрионды пайдалануға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының талабы асыл тұқымды тұқымдық жануарды меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иелік ететін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қолданылады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы.
Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы