18-бап. Ауылдық аумақтарды дамыту Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы
1. Ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік peттеу ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мемлекет ауылдық аумақтарды дамытуды:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) ауылдық елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi және экологиялық жай-күйi бойынша сыныптау;
3) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiмен қамтамасыз етiлуiнің және ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйінің нормативтерiн әзiрлеу;
4) мыналардың:
ауыл тұрғындарының ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтылу жай-күйінің;
ауылдық елдi мекендердiң экологиялық жай-күйiнiң мониторингiн жүргiзу;
5) ауылдық аумақтардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын құру және дамыту;
6) ауылды оңтайлы қоныстандыру;
7) ауылдық елді мекендерге денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жұмыскерлерінің, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары мемлекеттік қызметшілерінің тартылуын ынталандыру арқылы реттейді.
3. Экологиялық жағдайы қолайсыз және экономикалық әлеуетi төмен ауылдық елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарының, өздерiнiң келiсiмiмен қоныс аударған кезде Қазақстан Pecпубликасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
4. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер жергiлiктi өкiлдi органдардың (мәслихаттардың) шешiмi бойынша белгiленуi мүмкiн.
5. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жергілікті өкiлдi органдар (мәслихаттар) бекіткен тәртіппен және мөлшерде көрсетіледі.
6. Ауылдық елдi мекендерге тартуға ынталандыру мақсатында денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар жергілiктi атқарушы органдардың (әкiмдiктердiң) шешiмi бойынша қызметтiк тұрғын үймен не қызметтiк тұрғын үй болмаған жағдайда, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жаймен қамтамасыз етіледi.
7. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың айлықақыларымен және тарифтік мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді.
8. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
9. Осы баптың күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.24 № 111-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.16 № 186-IV, 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 540-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 № 165-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 165-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы