⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігін тоқтату  Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы 

       1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалатын депутатының өкілеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша, оның ішінде Кеңестің ұсыныстары негізінде мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.  

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатын кері шақырып алу туралы ұсыныс Кеңесте қабылданады. 

      3. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Кеңестің ұсынысы бойынша тағайындалған депутатының өкілеттігін тоқтату туралы Кеңестің ұсынысы Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі. 

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы