⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Сақтандыру жағдайы мен сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау  Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

18-бап. Сақтандыру жағдайы мен сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау  Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 18-бап. Сақтандыру жағдайы мен сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау  Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы 

      1. Қауіпті өндірістік фактор үшiншi тұлғаның өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянды өтеу жөнiндегi сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады. 

       Сақтандырушы немесе тәуелсiз сарапшы сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн аварияның, инциденттің себептерiн тексеру актiсiнiң, сот шешiмдерiнiң және келтiрiлген зиянның мөлшерi туралы деректер қамтылған басқа да материалдардың негiзiнде айқындайды.  

       2. Әрбiр үшiншi тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн төленетiн сақтандыру төлемiнiң мөлшерi осы Заңда республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгiленедi және:  

       1) қаза тапқан кезде - 1000;  

       2) мүгедектiк белгiленген кезде:  

      бірінші топтағыларға – 800; 

      екінші топтағыларға – 600; 

      үшінші топтағыларға – 500; 

      мүгедектігі бар балаға – 500; 

       3) мертiгу, жарақаттану немесе денсаулықтың өзге де зақымдануы кезiнде мүгедектiк белгiленбей - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған iс жүзiндегi шығыстар мөлшерiнде, бiрақ 300-ден аспайтындай мөлшердi құрайды. Бұл ретте сақтандыру төлемiнiң мөлшерi әрбiр стационарлық емделу күнi үшiн кемiнде 2 айлық есептiк көрсеткiштi құрауға тиiс.  

       3. Мүлiк зақымданған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi оны қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейiн мүлiктiң орын алған тозуы ескерiле отырып айқындалады.  

       Мүлiктi қалпына келтiру құны сақтандыру жағдайы басталған кезде қолданылған орташа нарықтық баға мен тарифтер негiзiнде айқындалады.  

       Мүлiк жойылған кезде келтiрiлген зиянның мөлшерi мүлiктiң нақты құны негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталған күнгi тозуы ескерiле отырып айқындалады.  

       Мүлiктi қалпына келтiру техникалық жағынан мүмкiн болмаса немесе экономикалық тұрғыдан негiзсiз болса, ол жойылды деп есептеледi. Мүлiктi қалпына келтiру, егер бұл ретте күтiлетiн шығыстар (қалпына келтiру құны) оның сақтандыру жағдайы басталған күнгi есептелген тозуын ескере отырып, мүлiктiң нақты құнының сексен процентiнен асып кетсе, экономикалық тұрғыдан негiзсiз деп есептеледi.  

       4. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесiнде әрбiр үшiншi тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн сақтанушының (сақтандырылушының) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның өтiнiшi бойынша сақтандырушы айқындайды. Келтiрiлген зиянның мөлшерiн бағалауды қажет болған кезде тәуелсiз сарапшы жүргiзуi мүмкiн. Келтiрiлген зиянды бағалау нәтижелерiмен келiспеген жағдайда тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы.  

       5. Сақтандыру төлемi үшiншi тұлғаға келтiрiлген залалдың (нақты нұқсанның) мөлшерiнен аспауға тиiс.  

       Әрбiр үшiншi тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн сақтандыру төлемi осы баптың 2-тармағында белгiленген мөлшерде жүзеге асырылады.  

      6. Сақтандырушы келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау мақсатымен қосымша тексеру жүргiзуге құқылы. Осыған байланысты ол мемлекеттiк органдардан аварияны, инцидентті техникалық тексеру материалдарын, зиян келтiруге байланысты құжаттарды, медициналық құжаттарды, шығын болған (бүлiнген, жойылған) мүлiктiң құны, жүргiзiлген жұмыстардың, келтiрiлген шығындардың құны туралы талқылауға мүмкiндiк беретiн шоттарды, сондай-ақ өзге де қажеттi құжаттарды талап етуге құқылы. 

       7. Сақтандыру төлемдерi объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының шегiнде жүргiзiледi.  

       Yшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық өтеу үшiн сақтандыру сомасы жетiспеген кезде сақтандырушы осы Заңның 19-бабының 7-тармағында көзделген тәртiппен объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасы шегiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырады. Бұл ретте пайда алушы келтiрiлген зиянды келтiрiлген зиянның сомасы алынған сақтандыру төлемiнiң сомасынан асатындай мөлшерде өтетy туралы тiкелей сақтанушыға (сақтандырылушыға) талап қоюға құқылы.  

       8. Объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi бiрнеше сақтандырушыда сақтандырылған кезде әрбiр сақтандырушы өзiмен жасалған шарт шегiнде сақтанушының алдында жауапкершiлiкте болады, алайда сақтанушының (пайда алушының) барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерiнiң жалпы сомасы нақты нұқсаннан аспауға тиiс.  

       Бұл ретте сақтанушы өзiмен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемiнде кез келген сақтандырушыдан сақтандыру төлемiн алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемi нақты нұқсанды жаппаған жағдайда, сақтанушы жетпейтiн соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.  

       Сақтандыру төлемiнен толықтай немесе iшiнара босатылған сақтандырушы келтiрiлген нұқсанды басқа сақтандырушылардың өтегенiне орай, сақтанушыға шеккен шығыстарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақысының тиiстi бөлiгiн қайтаруға мiндеттi.  

       9. Келтiрiлген зиянды басқа тұлғалар да өтеген жағдайларда, сақтандырушы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiнiң сомасы мен басқа тұлғалар өтейтiн соманың арасындағы айырманы ғана төлейдi. Сақтанушы өзiне белгiлi болған, басқа тұлғалардың үшiншi тұлғаларға зиянды өтеуге жүргiзген төлемдерi туралы сақтандырушыға хабарлауға мiндеттi.  

       10. Сақтандырушы сақтанушының сақтандыру жағдайында залалды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын да, егер мұндай шығыстар қажет болса және (немесе) сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жүргiзiлсе, тiптi тиiстi шаралар сәтсiз болса да, өтеуге мiндеттi. Аталған шығыстарды өтеудi сақтандырушы тиiстi шығындар туралы актiнi алған күннен бастап, бiрақ сақтандыру төлемдерi жүзеге асырылғаннан кейiн, отыз күн ішінде жүргізеді.  

       Сақтанушының аталған шығыстары нақты мөлшерде өтеледi, алайда сақтандыру төлемi мен шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай болып өтеледi. Егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз, толық мөлшерде өтеледi.  

      11. Жәбiрленушi қайтыс болып, оның мұрагерлерi жоқ болған жағдайда, жәбiрленушiнi жерлеген тұлғаға сақтандырушы жерлеуге қажеттi шығыстарды нақты жұмсалған шығындар мөлшерiнде, бiрақ объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының шегiнде өтейдi. 

      Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.04 № 275-IV; 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 580 Заңы. 

       Осы Заң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы