18-бап. Сақтандыру жағдайын және сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн айқындау 4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша аудиттi өткiзу кезiнде аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнiң басталу фактiсi сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Сақтандыру жағдайы сақтанушы келтiрген зиянды өтеу туралы соттың шешiмi заңды күшiне енген не сақтанушы аудиттеу субъектiлерiнiң зиянды өтеу туралы талаптарын негiздi деп таныған және сақтанушының талаптарды тануына сақтандырушы келiскен күннен басталған деп есептелiнедi.
3. Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн сақтандырушы аудиттеу субъектiсi талап еткен сомаға орай немесе соттың осы Заңның 8-бабы 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды.
4. Сақтанушының шығынды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстары, егер мұндай шығыстар қажеттi болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшiн жұмсалса, егер тиiстi шаралар тiптi сәтсiз болса да, сақтандырушының өтеуiне жатады.
Мұндай шығыстар нақты мөлшерiнде өтеледi, бiрақ сақтандыру төлемiнiң және шығыстар өтемiнiң жалпы сомасы аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспауға тиiс, егер шығыстар сақтанушы сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесiнде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерiнде өтеледi.
5. Әрбір сақтандыру жағдайы бойынша франшиза мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ бұл ретте франшиза мөлшерi аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының бес процентiнен аспауға тиiс.
Келтiрiлген зиянның мөлшерi франшизаның белгiленген мөлшерiнен асып кететiн жағдайларда сақтандыру төлемi толық мөлшерде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 Заңы.
Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы