⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау 5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

18-бап. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау 5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 18-бап. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау 5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы Заңы 

      1. Патент иеленуші болып табылмайтын кез келген тұлға (лицензиат) қорғалатын селекциялық жетiстiктi патент иеленушiнiң (лицензиар) рұқсатымен лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиармен жасалатын, лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге де шарт (лицензиялық шарт) негiзiнде пайдалануға құқылы.   

      2. Лицензиялық шартта лицензиардың лицензиатқа: 

      1) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн және басқа тұлғаларға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтап; 

      2) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ басқа тұлғаларға лицензия (жалғыз лицензия) беру құқығынсыз; 

      3) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз селекциялық жетістікті пайдалану құқығын табыстау көзделуi мүмкiн. 

      Лицензиялық шартта пайдалану талаптары көрсетілмеген жағдайда, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық қарапайым, ерекше емес лицензия талаптарымен табысталады. 

      Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат селекциялық жетістікті пайдалануды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асыруға құқылы. 

      Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі лицензиялық шартта айқындалады және тараптардың өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін. 

       Лицензиялық шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, селекциялық жетістікті пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады.  

       Селекциялық жетістікке айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданысын тоқтатуға алып келеді.  

      Лицензиат селекциялық жетiстiктi пайдалануға құқықты лицензиялық шарттың талаптарын ескере отырып, қосалқы лицензиялық шарттың немесе кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартының негізінде басқа тұлғаға (қосалқы лицензиат) беруге құқылы. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиат лицензиар алдында жауапты болады. 

       Селекциялық жетістікке айрықша құқықты басқа тұлғаға беру лицензиялық шарттың тоқтатылуына алып келмейді.  

      3. Селекциялық жетістікті пайдалануға құқықты табыстау туралы шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады. 

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы