18-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Су пайдаланушылардың:
1) су ресурстарына әділ және тең қол жеткізуге;
2) өздерінің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті су қорының жай-күйі туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
3) су объектісінен алынатын судың сапасын тексеруге;
4) су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі міндеттерді шешуге қатысу үшін қоғамдық бірлестіктер құруға;
5) бассейндік кеңестердің жұмысына қатысуға;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласында өзінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғауға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Су пайдаланушылар:
1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, су ысырабын азайту үшін шаралар қабылдауға;
2) су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтіруге жол бермеуге;
3) су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдері мен жоспарларын сақтауға;
4) басқа су пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүддесінің бұзылуына жол бермеуге;
5) су шаруашылығы құрылысжайлары мен судың жай-күйіне әсер ететін техникалық құрылғыларды жарамды күйде күтіп-ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарының пайдаланылуын есепке алуды жүргізуге, су шаруашылығы құрылысжайларының су тартқыштарын, су жібергіштерін және сарқынды сулар мен дренаждық суларды ағызу құрылысжайларын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға, сондай-ақ су тарту немесе су ағызу құрылысжайларының өлшеу аспаптарында және (немесе) құрылғыларында орнатылған пломбалардың сақталуын қамтамасыз етуге;
6) су қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға;
7) арнаулы су пайдалануға рұқсатта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімде толық көлемде орындауға;
8) мұнайдың авариялық жағдайда төгілуін жою кезінде түсетін ластағыш заттарды қоспағанда, белгіленген нормативтерден асатын зиянды заттардың төгілуіне жол бермеуге;
9) мемлекеттік органдарға су ресурстарын пайдалану туралы анық және толық ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша уақтылы беруге міндетті. Су пайдаланушы өнеркәсіптік су тұтынушыларға су беру бойынша қызметтер көрсеткен жағдайда, су ресурстарын пайдалану туралы ақпаратта айналымды және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелерінде суды пайдалану көлемдері жөніндегі мәліметтер көрсетіледі;
10) су үнемдеу технологияларын, суарудың прогрессивті техникасын, айналымды және (немесе) қайталама сумен жабдықтау жүйелерін ендіруге шаралар қабылдауға, судың өнімсіз ысырабы көлемін азайтуға;
11) жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағында шаруашылық және өзге де қызметтің белгіленген режимін сақтауды қамтамасыз етуге;
12) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға жол бермеуге;
13) су объектілерінде, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
14) су объектілерінде, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларда жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
15) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына барлық авариялық жағдайлар және су пайдаланудың технологиялық режимінің бұзылуы туралы дереу хабарлауға;
16) су пайдаланғаны үшін төлемдерді уақтылы жүзеге асыруға;
17) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
2. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы