18-бап. Технопарктер Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы
1. Дербес білім беру ұйымы немесе дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және (немесе) өзге де заңды тұлғалар құрған не Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, өнеркәсіптік-инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық және (немесе) мүліктік кешені бар аумақты меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін заңды тұлға технопарк болып табылады.
2. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы субъектілерге жұмыс істейтін бастапқы кезеңде оларға үй-жайлар, жабдықтар беру, бухгалтерлік есепке алуды жүргізу, заңдық, ақпараттық және консультациялық қолдап отыру, инвестицияларды тарту, жобаларды басқару бойынша қызметтерді, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаларды іске асыру үшін қажетті өзге де қызметтер көрсетуді білдіретін бизнес-инкубациялау технопарктер қызметінің негізгі түрі болып табылады. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі көрсететін қызметтерді қоспағанда, бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету, сондай-ақ осындай көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау қағидаларын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы