18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы
1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін мынадай мән-жайлардың бірі:
1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе хабарламаларының келіп түсуі;
2) ішкі істер органы қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтауы;
3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар;
4) бұқаралық ақпарат құралдарындағы, сондай-ақ онлайн-платформалардағы зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарламалар негіз болып табылады.
2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы