⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы

19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-1-бап. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың ерекшеліктері Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы Заңы 

      1. Сақтанушы "жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, осы сақтандырушы мынадай: 

      1) қызметкердің кемінде бір жыл мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу; 

      2) сақтандыру жағдайы басталған кезде қызметкердің денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады. 

      Қызметкерге бір жыл және одан да көп мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге байланысты оның жалақысынан (табысынан) айрылуына қатысты зиянды өтеу ретінде тиесілі, сондай-ақ қызметкердің қайтыс болуына байланысты сақтандыру аннуитет шартына сәйкес аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жүзеге асырады. 

      "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандырушы осы Заңның 20-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде аннуитеттік сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымына осы Заңға сәйкес ақша аударуды жүзеге асырады. 

      2. Сақтанушы аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласындағы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемдерін осы сақтандырушы осы Заңның 19-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады. 

      Ескерту. Заң 19-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2010.08.09 бастап қолданысқа енгізіледі және 2012.01.01 дейін қолданыста болады) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңы. 

          Осы Заң қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы