19-2-бап. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жедел ден қою шаралары Орман кодексі Қазақстан Республикасының
1. Қоғамдық қауіпті салдардың басталуын болғызбау мақсатында тексеруді жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша қолданылатын тексерілетін субъектілерге ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Тексерілетін субъектілердің қызметі ормандардың биологиялық әралуандылығының, мемлекеттік табиғи-қорық қоры, мәдени және табиғи мұра объектілерінің сақталуына тікелей қауіп төндірген жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының, аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдары жедел ден қою шараларын қолданады.
3. Жедел ден қою шараларына мыналар жатады:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру бөлігінде Қазақстан Республикасының орман заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін санкциялаусыз алып қоюды, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
2) жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан заңсыз қолға түсірілген орман ресурстары мен жануарлар дүниесі ресурстарын, оларды қолға түсіру құралдарын, сондай-ақ көлік құралдарын алып қою;
3) ағаш кесу билетінің немесе орман билетінің қолданылуын үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру арқылы мемлекеттік орман иеленушілердің немесе орман пайдаланушылардың қызметін тоқтата тұру;
4) орман пайдалану түрлерін шектеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орман пайдалану құқығын тоқтату.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14 және 15-тармақтармен толықтыру көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 4-тарау 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Орман кодексі Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы