⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы Ғарыш қызметі туралы Заңы

19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы Ғарыш қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-3-бап. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы Ғарыш қызметі туралы Заңы 

      1. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы – дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға. 

      2. Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторының өкілеттіктері: 

      1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің техникалық пайдаланылуын қамтамасыз етеді; 

      2) Қазақстан Республикасының барлық аумағында жеке және (немесе) заңды тұлғаларға дәлдігі жоғары спутниктік навигация қызметтерін көрсетеді; 

      3) жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асырады; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады. 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы