⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы

19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы 

       Ескерту. 19-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

      1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін тиімді және уақтылы қолдануды қамтамасыз ету мақсатында құрылады. 

      2. Алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі комиссияны құрады және оның құрамын бекітеді. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады, кәсіпкерлік пен сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссияның мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады. 

      Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуға тиіс. Комиссияның хатшысы оған мүше болып табылмайды. 

      4. Комиссияның құзыретіне: 

      1) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындау; 

      3) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       4) алып тасталды - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау; 

      6) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларына сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субьектісін айқындау; 

      7) мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарын қарау жатады. 

      Ескерту. 3-1-тарау 19-4-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы