19-6-бап. Медициналық-әлеуметтік есепке алу Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Заңы
1. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға және буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға не олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға психологиялық, әлеуметтік және өзге де көмек көрсету, оларды бейімдеу және оңалту бойынша үйлестіру, сол сияқты өздеріне қатысты зорлық-зомбылық жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламасын іске асырудағы үйлестіру жүргізілетін адамдарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды бейімдеу және оңалту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
Ішкі істер органдарының есепке алу туралы хабарламасы медициналық-әлеуметтік есепке қоюға негіз болып табылады.
3. Медициналық-әлеуметтік есепке алу адамға арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кезең ішінде, бірақ кемінде жеке профилактика шараларын жүргізу кезеңіне жүзеге асырылады.
4. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мен үйлестіруді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Ескерту. 3-тарау 19-6-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы.
Осы Заң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы