⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Әдiлет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары Әділет органдары туралы Заңы

19-бап. Әдiлет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары Әділет органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Әдiлет органдарының заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат салаларындағы функциялары Әділет органдары туралы Заңы 

       Ескерту. 19-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Әдiлет органдары заң көмегін ұйымдастыру және көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 

      1) мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және тоқтату (олардан айыруды қоспағанда); 

      2) мемлекеттiк нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттiк және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау; 

      3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау; 

      4) нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

      5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау; 

      6) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң көмегінің сапасын бақылау; 

       7) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

      8) әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою. 

       2. Әдiлет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:  

      1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестiру, заңдарға түсiндiрме беруге қатысу; 

      2) эталондық заң актiлерiн және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, ақпараттық және анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды шарт негiзiнде, оның iшiнде құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесiн пайдалана отырып беру; 

       3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

      4) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленетін заң жобаларын және қабылданған заңдарды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламаларының жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен келісу. 

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.29 № 25, 2005.04.15 № 45, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 № 177-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304 Заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы