⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 19-бап. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау  Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Заңы 

      1. Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияға жиналған материалдар түскен кезден бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган қабылдайды. 

      Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, өтініш берушіге сәйкессіздіктерді жою үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзім беріледі. Аталған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім тоқтатыла тұрады. 

       2. Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеуден кейінгі шарт жасалады және жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу саласын айқындайтын құжат бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі.  

      3. Терiс шешiм қабылданған кезде өтiнiш берушiге шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде почта арқылы немесе факсимильді байланыс арқылы дәлелдi бас тарту жіберіледі, ол тиісінше өтініш беруші почта жөнелтілімін алғаны туралы хабарламаға белгі соққан күннен бастап немесе факсимильді хабар жіберілген күні алынған деп есептеледі. 

      Құжаттар жиынтығы өтінім берушіге почта арқылы жіберіледі не оның өкіліне қолы қойғызылып, қолма-қол табыс етіледі. 

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 61-IV Заңы. 

      Осы Заң сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ олармен байланысты қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы