⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің өкілеттіктері Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы Заңы 

      1. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, атқаратын лауазымына, уақытқа қарамастан, оларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берілген жағдайда не ол тікелей анықталған жағдайда құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу, жәрдемге мұқтаждарға көмек көрсету, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ жақын жердегі ішкі істер органдарын хабардар ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. 

      2. Ішкі істер министрлігінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы лауазымы бойынша Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас мемлекеттік инспектор болып табылады. 

      3. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке адамдардың құқықтарын уақытша шектейтін әрекеттері "Заң атымен" деген сөздерді айта отырып жасалады. Әрбір адам мұндай жағдайда белсенді әрекетін тоқтатып, ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарына мүлтіксіз бағынуға және оның қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты нұсқауларын орындауға міндетті. 

      4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің арнаулы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға, дене күшін, оның iшiнде жауынгерлiк күрес тәсiлдерiн қолдануға құқығы бар. Арнаулы құралдарды, атыс қаруы мен өзге де қаруды және дене күшін қолдану тәртiбi "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 

      5. Қызметкерлер ішкі істер органдарының өкілеттіктерін іске асыру кезінде: 

      1) жеке адамдармен қарым-қатынас кезінде өзін таныстыруға және қызметтік куәлігін көрсетуге; 

      2) ұсталғаннан кейін адамға оны ұстау негіздерін хабарлауға, оның өзіне және жақын туыстарына қарсы куәгер болмауға құқығы, бір рет телефон соғуға және қорғаушы алуға құқығы бар екенін түсіндіруге; 

      3) жеке адамның ұсталғаны туралы оның жақын туыстарына хабарлауға; 

      4) жеке тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін сақтауға, азаптауды, зорлық-зомбылықты, қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын, қадір-қасиетін қорлайтын жаза қолданбауға, қасақана тән зардабын және жан азабын тарттырмауға міндетті. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға айғақ беруге және өзін кінәлімін деп мойындауға мәжбүрлеуге тыйым салынады. 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ. 

     Осы Заң Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы