⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

19-бап. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік сатып алудың мониторингі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алудың мониторингін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және онда қамтылған ақпарат негізінде жүзеге асырады. 

      3. Мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті жібереді, сондай-ақ оны мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады. 

      4. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепте барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды, олардың мекемелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштері де қамтылуға тиіс. 

      5. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті дайындау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді. 

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы