⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оларға меншік құқығы Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

19-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оларға меншік құқығы Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оларға меншік құқығы Мемлекеттік құпиялар туралы Заң 

      1. Мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адамдар, егер бұл мәліметтер осы Заңның 11, 12, 13 және 14-баптарында немесе құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомостволық (салалық) тізбесінде аталған болса, мәліметтерді және азаматтар мен ұйымдардың (бұдан әрі - мәліметтер көздерінің меншік иесі) иелігіндегі олардың көздерін құпияландыру туралы шешім қабылдауға құқылы. Аталған мәлімет көздерін құпияландыру мәліметтер көздері иесінің және осы мәліметтер мен олардың көздері қарауына көшетін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың арасындағы осы мәліметтерді иеліктен айыру туралы шарт негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Шартта:  

      мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оның иесінің құқықтарын шектеуге төленетін өтемақының мөлшері;  

       мәлімет көздері иесінің аталған мәліметтерді жария етпеу жөніндегі міндеттемесі айтылады.  

      Мәлімет көздерінің иесі иеліктен айырылудан бас тартқан жағдайда бұл мәліметтер соттың шешімі бойынша, иесіне иеліктен шығарылған мәліметтердің құны оларды иеліктен шығару жөніндегі шығындар шегеріле отырып өтеліп, еріксіз иеліктен шығарылуға жатады, сөйтіп оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылығы ескертіледі. 

      3. Мәлімет көздерінің меншік иесі лауазымды адамдардың оның құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. Сот лауазымды адамдардың әрекеттерін заңсыз деп таныған жағдайда, мәлімет көздерінің меншік иесіне келтірілген нұқсанды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімімен айқындалады. 

      4. Егер мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдары бұзылмай алынса (әзірленсе), шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік ұйымдарға тиесілі мәліметтер мен олардың көздеріне меншік құқығын шектеуге болмайды.  

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы