⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында құрылады. 

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіне: 

      1) төтенше резерв; 

      1-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв; 

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв; 

      2-1) алып тасталды - ҚР 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
 

      3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв; 

      4) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді. 

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының резервіне: 

      1) төтенше резерв; 

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв; 

      3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв; 

      4) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді. 

      4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервіне: 

      1) төтенше резерв; 

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв; 

      3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв; 

      4) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді. 

      Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. 

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде жүзеге асырылады. 

      Бір қаржы жылынан астам іске асыру мерзімімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ адам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына және олардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың зардаптарын жоюға байланысты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын және өзге де іс-шараларды жүргізу үшін шығындардың жалпы сомасы айқындала отырып және ағымдағы қаржы жылының сомалары және Қазақстан Республикасының Үкіметі кейінгі қаржы жылдарында қосымша шешім қабылдайтын сомалар көрсетіле отырып, Үкіметтің резервінен қаражат бөлінеді. 

      Резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттылығын ұлғайтады. 

      7. Алынып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы