⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау 3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Мемлекеттік статистика туралы Заңы

19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау 3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Мемлекеттік статистика туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау  3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ Мемлекеттік статистика туралы Заңы 

      1. Статистикалық қызмет уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады. 

      2. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын орындау үшін респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекітеді. 

      3. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындысы негізінде күнтізбелік үш жылға арнап қалыптастырады. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз ұсыныстарын статистикалық жұмыстар жоспарына жылына бір реттен аспайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізе отырып, ол бекітілетін жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады. 

      4. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспары бекітілетін жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыстар жоспарын, респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін, әкімшілік деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. 

      Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.11.2018 № 192-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 257-IV Заңы. 

       Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде, сондай-ақ әкімшілік деректердің сапасын айқындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы